![]() |
Тест: Стреске сезімталсыз ба?Date: 2015-10-07; view: 2032. Стресс Туризм 139.Президенттің пікірі бойынша бірінші кезекте шетелдік инвестициялармен келісім шарт ескерту қажет? Экологияны. 140.Президенттің пікірі бойынша шет елдермен байланысты неге қатты көңіл бөлу керек? Ноу-хоуды пайдалануға. 141.2030 жылы Қазақстан ? Қиыншылықты жеңіп дамудың келесі сатысына өтеді. 142.Президенттің пікірі бойынша халыққа арналған Жолдауында Қазақстанды гүлдендіруді неден бастау керек? Күшті экономика құру. 143.Авиациядағы қиындықтарды қарастыра отырып Президент халыққа арналған Жолдауында (2030) лизингті ұсынды.Ол не? Қымбат тұратын өндіріс құрал-жабдықтарын алдымен жалға алу, соңынан сатып алу. 144.Президент Республикадағы демографиялық мәселелерді шешуді неден бастауды ұсынды? Ата-аналардың бала тәрбиесі үшін құқықтық жауапкершілігін арттыру. 145.Ел Президенті өзінің халыққа Жолдауында (2030) ақпараттық технология жүйесінде алдымен нені дамытуды ұсынады? Телекоммуникациялық қызмет. 146.Президенттің Қазақстан халқына жолдауында (2030) ұлттық қауіпсіздіктің бір тірегі миграциялық саясат делінеді, ол не? Халықтың бір елден басқа елге немесе бір елдің ішінде қоныстануы. 147.Президенттің Жолдауында (2030) Қазақстанның дамуына қандай сыртқы фактор септігін тигізетіні аталады? Қолайлы географиялық жағдай. 148.Президенттің Жолдауы (2030) бойынша Қазақстан жоғары дамыған ел құру үшін қандай модельді негізге алу керек? Өзінің моделі. 149.Президенттің Қазақстан халқына Жолдауы (2030) бойынша Республикадағы макроэкономиканы тұрақтандыру процесі дегеніміз не? Мемлекеттік бюджеттің тапшылығын қысқарту және қатал монетарлық және несие саясатын жүргізу. 150.Президенттің қазақ халқына жолдауында (2030) қазіргі кездегі біздің мемлекетіміздің басты тірегі мен тұрақтандырушы факторы кімдер болып табылды? Орта тап. 151.Президенттің қазақ халқына жолдауындағы (2030) пікірі бойынша қазіргі кездегі Республикада ауыр жүктерді тасуда қандай транспорт түрінің ролі зор? Темір жол. 152.Президент өз жолдауында (2030) Ресейдің соңынан бізде «демографиялық тұйыққа» түсуіміз мүмкін деп нені меңзейді? Халық санының тек миграция есебінен емес табиғи жолмен де азаюы. 153.Қазақ КСР Қазақстан республикасы деп өзгерту шешім қабылданды: 1991ж. 10 желтоқсан 154.1991 ж желтоқсанда (12) Н.Ә.Назарбаев . . . «1986 ж 17-18 желтоқсан оқиғаларына қатысқаны үшін жауапқа тартылған азаматтарды ақтау» жөнінде жарлық шығарды. 155.1991 ж 21 желтоқсанда Алматыда 11 мемлекеттің басшылары Тәуелсіз Мемлкеттер Достастығын құру туралы қандай құжатқа қол қойды? Хаттамаға 156.Мәжіліс депутаттары неше жылға сайланды: 5жыл 157.Қазақстан Республикасы Президентін сайлау мерзімі: 7 жыл 158.1991ж М.Шаханов пен О.Сүлейменов тең төрағалары болып сайланған партия: «Қазақстанның Халық конгресі партиясы» мүшесі 30 мың адам. 159.Қазақстан халықтарының тұңғыш форумы өткізілген жыл: 1992ж 14-желтоқсан 160.1992ж Қоғамның бірігуі мен халықтар достығын нығайтуда маңызды орын алған оқиға: Қазақстан халықтарының форумы. 161.Қазақстанда жекешелендіру қашан басталды: 1991ж 162.Қазақстан 2030 стратегиясы бойынша Республикада макроэкономиканы тұрақтандыру үшін не істеу керек: Мемлекеттік бюджет тапшылығын қысқарту, қатаң монетарлық және несие саясатын жүргізу. 163.1992 ж желтоқсанда не қабылданды? Мемлекеттік әнұранның жаңа мәтіні 164.Қазақстанда Ұлттық- валюта- теңгенің енгізілуі мәселесіне ірі халықаралық ұйымдардың қатынасы: Бұл шешімді қолдады. 165.Астанаты Ақмола қаласына ауыстыру жөніндегі президент жаролығы шыққан уақыт: 1995 қыркүйек 166.Президенттің Қазақ халқына жолдауы (Қазақстан-2030) бойынша қазіргі кездегі Республикада ауыр жүктерді тасуда қандай транспорт түрінің ролі зор?Темір жол. 167.Президент Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан-2030» бағдарламасын ұсынған жыл: 1997ж. 168.Тәуелсіз Қазақстанның алғашқы ғарышкері : Т.Әубәкіров. 169.Президент жодауында Қазақстан 2030 бағдарламасы бойынша Ресейдің соңынан бізде демографиялық тұйыққа түсуіміз мүмкін деп нені меңзеді? Халық санының тек миграциялық есебінен емес табиғи жолмен де азаюы. 170.Қазақстан – 2030 бағдарламасындағы 1-ші стратегиялық басым бағыт: Ұлттық қауіпсіздік 2008 жылы қосылған сұрақтар 1.1990 жылы 25 қазанда Жоғары Кеңес қабылдаған құжат «Қазақстанның мемлекеттік егемендігі туралы Декларациясы» 2.25 қазан- Республика күні 3.16 желтоқсан - Тәуелсіздік күні 4.Жоғары Кеңестің ұйғаруымен Қазақ КСР-і Президентінің қызметі тағайындалды 1990 жылы сәуірде 5.1990 жылы сәуірде Жоғары Кеңестің мәжілісінде Қазақ КСР-інің Президенті болып сайланған: Н.Назарбаев 6.Н.Назарбаев КОКП Орталық Комитеті Саяси Бюросы құрамынан шығатыны жөнінде мәлімдеді: 1991 жылы тамызда 7.1990 жылдың соңына қарай КОКП қатарындағы Қазақстандағы коммунистердің саны: 800 мыңдай 8.1991 жылы қыркүйектің 7-сінде болған Қазақстан Компартиясының төтенше сьезі қабылдаған шешім: Қазақстан Компартиясын тарату 9.Қазақстан Компартиясы таратылғаннан кейін, оның орнына құрылған жаңа ұйымның атауы «Социалистік партия» 10.КСРО өмір сүрген жылдар: 1922-1991 жж. 11.1991 жылдың желтоқсанындағы ірі саяси оқиғалардың ең бастысы: КСРО-ның ыдырауы 12.1991 жылы желтоқсанның 8-күні үш славян мемлекеттерінің басшылары бас қосқан қала Минск 13.1991 жылы желтоқсанның 8-күні үш славян мемлекеттерінің басшылары өзара келісіп, күшін жойғанын жариялаған шарт: КСРО-ны құру туралы 14.1991 жылы желтоқсанның 13-күні Орта Азия республикалары мен Қазақстанның басшылары бас қосқан қала Ашхабад 15.Қазақстан Республикасы атауы қабылданды 1991 жылы 10 желтоқсанда 16.Н.Назарбаев 1960 жылы еңбек жолын жұмысшы болып бастаған қала: Теміртау 17.Н.Назарбаевтың 1984-1990 жылдары аралығында атқарған қызметі: Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің төрағасы 18.Н.Назарбаевтың 1990 жылдың сәуірінен бастап атқарған қызметі: Қазақ КСР-нің Президенті 19.1991 жылы Қазақстанда өрекпіген саяси ахуалдың қалыптасуына жел берген дисседент жазушы А.Солженицынның мақаласы: «Біз Ресейді қалай көркейтеміз» 20.1991 жыл 16 желтоқсан- Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі жарияланды 21.1991 жыл 21 желтоқсан- Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығын құру үрдісі аяқталды 22.1992 жыл 2 наурыз- Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болып қабылданды 23.1991 жыл 13 желтоқсан-Орта Азия республикалары мен Қазақстан басшыларының Ашхабадтағы кездесуі болды 24.1991 жыл 8 желтоқсан- Минскідегі славян басшыларының кездесуінде Тәуелсіз Мемлекеттер Одағын құру туралы шешім қабылданды 25.Қазақ халқының Қазақстан тәуелсіздік алғанға дейін екі жарым ғасырдан астам уақыт бойы патша отаршылдары мен большевиктік шовинистік аппаратқа қарсы болған көтерілістерінің саны: 400-ге жуық 26.1991 жылы желтоқсандағы Алматы кездесуінде басшылары ядролық қаруға байланысты біріккен шаралар туралы келісімге қол қойған мемлекеттер: Қазақстан, Ресей, Украина, Беларусь 27.1991 жылы желтоқсандағы Алматы кездесуінде бұрынғы Кеңес Одағын ойға түсірмес үшін жаңа шартта «одақ» деген сөз алмастырылды- «Достастық» сөзімен 28.Тәуелсіз Қазақстанның Елтаңбасы мен Туының жаңа үлгілері қабылданды 1992 жылдың маусымында 29.Тәуелсіз Қазақстанның Әнұранының жаңа мәтіні қабылданды D) 1992 жылдың желтоқсанында 30.Тәуелсіз Қазақстанның Конституциясы қабылданды 1993 жылдың 28 қаңтарда 31.1993 жылдың 28 қаңтарында қабылданған Конституциядағы қазақ тілінің мәртебесі: Мемлекеттік тіл 32.Қазақстанда жергілікті кеңестер өзін-өзі тарата бастады 1993 жылдың күзінде 33.1993 жылдың 28 қаңтарында қабылданған Конституция бойынша республикадағы биліктің қайнар көзі: Халық 34.1993 жылдың 13 желтоқсанында Жоғарғы Кеңестің таратылғанын ресми түрде жариялаған С.Әбділдин 35.Қазақстанда Жоғарғы Кеңес ресми түрде таратылды 1993 жылдың 13 желтоқсанында 36.1993 жылдың соңына қарай Қазақстанда ресми тіркелген саяси партиялардың саны 3 37.1993 жылдың соңына қарай Қазақстанда ресми тіркелген саяси партия Социалистік партия 38.1993 жылдың соңына қарай Қазақстанда ресми тіркелген саяси партия Қазақстан Халық Конгресі 39.1993 жылдың соңына қарай Қазақстанда ресми тіркелген саяси партия Қазақстан республикалық партиясы 40.1993 жылдың соңына қарай Қазақстандағы қоғамдық саяси бірлестіктердің саны 300-ден астам 41.1993 жылдың соңына қарай Қазақстандағы қоғамдық қозғалыстардың ел арасындағы беделді әрі танымалы «Невада-Семей» 42.1993 жылдың соңына қарай Қазақстандағы қоғамдық қозғалыстардың ел арасындағы беделді әрі танымалы «Азат» 43.1995 жылдың 26 сәуіріндегі референдумға қатысушыларға қойылған сұрақ: «Сіз 1991 жылы бірінші желтоқсанда бүкіл халық сайлаған Президент Н.Назарбаевтың өкілеттік мерзімін 2000 жылдың бірінші желтоқсанына дейін ұзартуға келісесіз бе?» 44.Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы қабылданды 1995 жылды 30 тамызда 45.Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Қорғаныс Министрі С.Нұрмағамбетов 46.Президент жарлығымен Қорғаныс Комитеті Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі болып құрылды 1997 жылы 7 мамырда 47.1995 жылғы Конституция бойынша Қазақстанның парламентіндегі тұрақты жұмыс істейтін екі палата Сенат пен Мәжіліс 48.Сенат пен Мәжілістен тұратын жаңа Парламент тұрақты жұмыс істей бастады 1996 жылддың 30 қаңтарынан 49.Қазақстан мен Қытай арасындағы жалпы көлемі 1000 шаршы шақырым болатын даулы жердің мәселесінің шешімі: 57% -ы Қазақстанға 43 %-ы Қытайға жатады 50.Қазақстандық студенттер шетелдердің оқу орындарында білімін жетілдіруге мүмкіндік алған бағдарлама «Болашақ» 51.Шанхай ынтымақтастық ұйымы басшылары 1998 жылы бас қосқан қала Алматы 52.Алғашында «Шанхай бестігі» (кейіннен Шанхай ынтымақтастық ұйымы аталды) басшыларының алғашқы кездесуі өтті 1996 жылы 26 сәуірде 53.1991 жылдың аяғына дейінгі екі аптаның ішінде Қазақстанның тәуелсіздігін таныған мемлекеттер саны 18 54.Қазақстанда жекешелендірудің II кезеңі басталды 1994 жылдың көктемінде 55.«Тарихи ақтаңдақтарды» әйгілеп, бұқаралық сананы көтеру мақсатында Республика Президентінің жарлығымен 1998 жыл: «Халықтар тұтастығы мен ұлттық тарих жылы» 56.Тарихи ақтаңдақтарды» әйгілеп, бұқаралық сананы көтеру мақсатында Республика Президентінің жарлығымен 1999 жыл жарияланды «Ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы жылы» 57.1998 жылдан бастап Ш.Уәлиханов атындағы тарих және этнология институты шығара бастаған жаңа журнал «Отан тарихы» 58.XX ғасырдың соңында ЮНЕСКО-ның шешімімен 150 жылдық мерейтойы тойланған қазақтың ұлы ақыны А.Құнанбаев 59.1999 жылы ЮНЕСКО-ның шешімімен 100 жылдық мерейтойы тойланған ғұлама ғалым Қ.Сәтбаев 60.Адам бойындағы ізгі қасиеттердің көмескіленуі мәселесін көтерген М.Шахановтың кітабы:«Өркениеттің адасуы» 61.Халық жазушысы О.Сүлейменовтың дүние жүзі тілдерінің даму заңдылықтарын саралаған еңбегі «Жазу тілі» 62.Қаракерей Қабанбай туралы жазылған Қ.Жұмаділовтың диалогиясы: «Дарабоз» 63.XX ғасырдың басындағы Республикадағы мектептердің саны 8 мыңнан астам 64.Дүние жүзі қазақтарының тұңғыш құрылтайы өтті1992 жылдың қыркүйек,қазан айларында 65.Дүние жүзі қазақтарының тұңғыш құрылтайында сөз сөйлеген Түркиядан келген қадірменді қария, «Алаш» сыйлығының иегері Халифа Алтай 66.Президент Н.Назарбаевтың болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілік сезіміміздің көрінісі деп бағалаған стратегиясы «Қазақстан 2030» 67.«Қазақстан 2030» даму стратегиясының қоғамның ұзақ мерзімді жеті басым мақсаттарының біріншісі Ұлттық қауіпсіздік 68.Астана Ақмолаға көшірілді: 1997 жылы 69.Астананың салтанатты жағдайда тұсаукесері өтті: 1998 жылғы маусымда 70.1998 жылғы Парламент шешімімен Конституцияға енгізілген өзгеріс бойынша Президенттің өкілдік мерзімі : 5 жылдан 7 жылға ұзартылды 71.1989 жылғы халық санағы бойынша Қазақстанда тұратын республика тұрғындарының саны: 16 млн. 199,2 мың адам 72.2321.1999 жылғы халық санағы бойынша Қазақстанда тұратын республика тұрғындарының саны: 14 млн. 952,7 мың адам 73.«XX ғасырдың Гомері» атанған ақын: Жамбыл Жабаев 74.1999 жылы жарық көрген Н.Назарбаевтың еңбегі: «Тарих толқынында» 75.2005 жылы 5 томы жарық көрген Ұлттық энциклопедия: «Қазақстан» 76.1992 жылы шетелдерде тұрып жатқан қазақ диаспорасының саны: 3 млн. 200 мың 77.Астана қаласының 1998 жылға дейінгі атауы Ақмола 78.1999 жылғы халық санағы бойынша республика тұрғындарының арасындағы қазақ халқының үлесі 53,4 % 79.2004 жылы қыркүйекте Парламент Мәжілісінің кезекті сайлауы алдында саяси партиялар туралы жаңа заң бойынша ресми тіркелген партиялар саны 12 80.Ел астанасынығ Ақмолаға көшетіндігі туралы Республика Президентінің Жарлығы жарық көрді 1995 жылы 81.2001 жылы үкімет құрамы мен басқа да билік құрылымындағы жас олигархтар ұйымдастырған қоғамдық қозғалыс: «Қазақстанның демократиялық таңдауы» 82.1992 жылы 30 қыркүйекте дүние жүзі қазақтарының құрылтайының ресми ашылуында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың жасаған баяндамасы : «Құшағымыз бауырларға ашық»
Жүйелеп, жинақтаған: Изенбаев Бекнұр +7 702 161 93 84
Эмоциялық стрестің жалпы даму заңдылықтары физикалық, химиялық ауыртпалықтармен ұқсас болып келеді. Шамалы жан-дүниелік ауыртпалықтар адамның кейбір жағдайларға адаптациясын (икемделуін, бейімделуін) туындатса, (мысалы, олардың әсерінен жаңа пәндерді игеруі арқылы оқушылардың еске сақтау қабілеті артады, әртістер жан-тәнімен өздері сомдаған кейіпкерлері бейнесін көрермендерге жеткізеді, кәсіпкерлер нарыққа бейімделеді, т.с.с), шектен тыс ауыртпалықтар көптеген дерттердің дамуына себепкер болады. сондықтан да қазіргі уақытта тым ауырлап бара жатқан жан-дүниелік ауыртпалықтардың ауру туындататын ықпалы адаптациялық бейімділіктен басым болып отыр. Адам денсаулығы туралы ерекше зерттеулер жүргізген Өтейбойдақ бабамыз «атпалы ұшық» жүрек пен мидың сырқаттарын туындатады деп түсінген. Бірақ, ол кезде дерттердің аңғарымдық мүмкіншіліктері қазіргіден төмен болғандықтан, жан-дүниелік ауыртпалықтардан дамитын дерттердің көріністерін тек соңғы сатыларында, адамның ақыл-есінен айырылғанда ғана байқағанын зерттеушінің мына сөйлемінен түсінеміз: «Серейлік ықпалдар ұшықтық тек адамзатты сезгір ой, сезімтал көңіл, теңіздей толғамдық естік жалғамның тоғалылығының бұзылуына ғана көз көргелік бермек». Бұл сөйлемнен біз жан дүниелік ауыртпалықтарға әр адам әр түрлі жауап қайтаратынын түсінеміз. Ол ойы олқы, көңілі жарым, көңіл-күйі қатты толқып тұратын адамдарда ақыл-есінің бұзылуына дейін әкелетін дерттер болуы ықтимал дейді. Бұл туралы қазіргі ғылым не дейді? Эмоциялық ауыртпалықтың әсері адам организмінің дене бітімі мен мінез-құлқының ерекшеліктеріне байланысты. Бұл ерекшеліктеріне қарай адам организмінің бірнеше конституциялық түрлерін ажыратады. Солардың ішінде бүгінгі күні адамның орталық жүйке жүйесінде (миында) өтетін физиологиялық қозу мен тежелу процестерінің күшіне, олардың өзара бірімен-бірі теңгерілу және ауысу жылдамдығына қарай И.П. Павловтың жіктеуі кең тараған. Осы жіктеу бойынша жоғары жүйке жүйесі әрекеттерінің түрлері: 1-түрі күшті, ұстамды, жігерлі түрімен көрінетін адамдардың еті тірі, қиындықтарға төзімді, өмір қиыншылықтарын икемділікпен шеше білетін болады. Мұндай адамдарды Гиппократтың жіктеуі бойынша сангвиниктер деп атайды. 2 түрі күшті, ұстамды, салмақты түрімен сипатталатын адамдардың мінез-құлқы сабырлы, тым салмақты, байсалды, мінезі ауыр болады. Бұндай адамдар ойына келген істі бітірмей, басқа іске кіріспейді. Олардың миында қозу мен тежелу үрдістерінің орын ауыстыруы баяу болады. бұл адамдарды Гиппократ флегматиктер деп атаған. 3-түрі күшті, ұстамсыз адамдар көп жағдайда алды-артын байқамайтын, тіпті шамасын білмей, артық кетіп қалатын, ашушаң, күйгелек болады. бұл түр Гиппократта хоелриктер делінеді. 4-түрі әлсіз, қиындықтарға төзімсіз, жұрттың айтқанына көнгіш, енжар, уайымшыл адамдар. Мұндай адамдар Гиппократтың жіктеуі бойынша меланхоликтерге жатады. Осыған байланысты эмоциялық ауыртпашылықтарға жоғарылығы 1 және 2-түрлеріндегі адамдар жеңіл түрде икемделсе, 3 және 4- түрлеріндегі адамдар оларға дұрыс икемделе алмайтындықтан артынан дене мүшелерінің көптеген ауруларына ұшырайды. Ойсоққыға ұшыраған кезде мидың кейбір бөліктерінде белсенділігі көтерілген нерв жасушаларының тобы пайда болады. ол мида ұдайы қозу ошағын туындатады. Бұл қозу ошағы бастапқы кезеңдерде шектеліп, сыртынан тежелу үрдістерімен қоршалады. Артынан қозу үрдісі өз бетінше, ешқандай сырттан әсер болмай-ақ күшейе түсіп, айналасындағы ми орталықтарына тарайды. Осылай белсенділігі көтерілген нерв жасушалары дерттік қозу ошағын туындатып, мидың басқа құрылымдарын жұмылдырып, оларды бір функциялық дерттік жүйеге біріктіреді. Ішкі ағзалар мен дене мүшелерін нервтік реттеу бұзылады. Ары қарай ешбір сыртқы әсерсіз-ақ организмде дерттік үрдістер туындап немесе ойда бар дерттері өрши түседі. Жан мидың қызметі болғандықтан, жан жараларынан дамитын дене мүшелерінің аурулары психосоматикалық аурулар деп аталады. Оларға жүректің ишемиялық ауруы, гипертониялық ауру, асқазан мен ұлтабардың ойық жарасы, тері, нерв, буын аурулары, жандүниелік дерттер, т.б. жатады. Кейде алдында тұрған мәселелерді шеше алмай, тығырыққа тірелуден кейбір адамдар өздеріне-өздері қол жұмсайды. Соңғы кездері психосоматикалық аурулардың жиілеп бара жатқаны байқалады. Ресей ғалымдарының зерттеуінше, 1941-1945 жылдары екінші әлем соғысында қоршауда қалған Ленинград қаласы тұрғындарының арасында ауыр эмоциялық стрестен аурушаңдық кең етек алғандығы көпшілікке мәлім. Ал соңғы қайта құру жылдарында халық арасында аурушаңдық одан да көбейгені анықталып отыр. Оның себебі неде? Бұл сұраққа ғалымдар қазіргі адамдардың нарық заңдылықтары алдында дәрменсіздігінен, бейшаралығынан, амалсыздығынан, болашаққа сенімі жоғалуынан, ауыр мәселелерді шеше алмай, тығырыққа тірелуден деп жауап қайтарады. Осы көзқараспен әбден келісуге болады. шынында, соғыс кезіндегі оның жеңіспен аяқталатынына адамдарда үміт болды, олар ертеңгі күнге белгілі бір сеніммен қарады. Қазіргі заманда адамдарды үмітсіздік билеп алған. Сонымен, жағымсыз ойсоққының әсері: 1. Адамның жоғары жүйке жүйесі әрекеттерінің түрлерінен, 2. өмірден алған тәжірибелерінен, 3. организмнің стресті шектейтін жүйесінің туа біткен жағдайларына байланысты бүліністерге тұрақтылығынан немесе бейімділігінен және 4. ауыртпалық туындатқан ықпалдың күші мен қарқынына байланысты болады. Осы себепті өмірлік тәжірибесі аз жастар жандүниелік ауыртпалықтарға төзімсіз келеді. Қазіргі өмірде стрестен қашып құтылу мүмкін емес. Ауа-райының күрт ауысуы, жұмыстағы проблемалар, көліктегі ұрыс-керіс, кездесуге кешігу, отбасындағы келеңсіздіктер...Кей адамдар мұндай стрестерге бейімделген, қандай проблеманы болмасын шыбын шаққан құрлы көрмейді. Екінші біреулер салы суға кетіп, ауруына ауру жамап жатады. Демек, бұл тек көңіл-күйге әсер ететін психологиялық фактор ғана емес, адам денсаулығына кейде шешуші әсер ете алатын медициналық проблема. Ағзадағы барлық құбылыс мидың қозуынан басталатыны белгілі. Кез-келген стресс те осылай басталады. Ол алдымен мидың елегінен өтеді. Келесі кезекте оған эндокриндік жүйе қосылып, бүйрек үсті бездері гормондар бөле бастайды. Осымен бір мезетте вегетативті нерв жүйесі жұмысын бастайды, артериалды қан қысымы көтеріледі, жүрек соғысы жиілейді, стрестегі жағдайға бейімделуге, қарсы тұруға көмектесетін көптеген өзгерістер жүзеге аса бастайды. Қатты стресс дені сау адам үшін зиянсыз түрде тез өтеді. Ал денсаулығы нашар адамдар үшін оның психофизиологиялық әсері қатты сезіледі: көңіл-күй бұзылады, ұйқы нашарлайды, эмоционалды қозу байқалады, жүрек қағысы және дем алу нашарлайды. Әйтсе де, бірақ уақыттан кейін бәрі де қалпына келеді. Ал хроникалық, яғни созылмалы стресс — ұзаққа созылған келеңсіз жағдайлар, күн сайын еңсені езетін нәрселер — адам денсаулығы үшін өте зиянды. Өйткені, бұл жағдайда, ең алдымен, артериалды гипертония, бронхиалды астма, жүректің коронарлы аурулары, қант диабеті сияқты психосоматикалық аурулар пайда болады.Стресс бізге алдымен ағзаның спецификалық емесм қорғаныс құралы ретінде белгілі болады. Бірақ ол ұзақ мерзімге созылған жағдайда ағзаның қорғаныс күштері әлсірей бастайды. Стресс түрлі жағдайда болады. кейде жағымды жайлардың өзі адамға қосымша стресс әкелуі мүмкін. Мысалы, екі адам кездесіп, ғашық болып, үйленсін делік. Адам өміріндегі осындай оқиғалардың өзі — екі адамның бас қосуы, бір-біріне үйренуі, жаңа жағдайға бейімделуі де стрессорлық фактор болып табылады.
Ой еңбегін ұйымдастыру және оның гигиенасы Ой еңбегінің ұйымдастырылуы мен гигиенасының сақталуы өте маңызды. Себебі, ой жұмысы қатты шаршатады және ұзақ, өте жақсы дем алуды талап етеді. Дене еңбегімен салыстырғанда ой еңбегінің маңызды ерекшелігінің бірі — жұмыс формальды аяқталғаннан кейінгі жерде мидың жұмыс жасауын толық тоқтатуға мүмкін болмайтындығы. Аяқталмай үзіліс жасаған, тегіс бітпеген ой еңбегі адамның толық тынығуына мүмкіндік бермейді. Ой еңбегі көбірек зейін қойып, ойланып жұмыс істеуді талап етеді.
Ой еңбегі гигиеналық жағдайы
Адамның ой еңбегі мен дене еңбегіне деген жұмыс қабілеттілігі 3 кезеңнен тұрады. Жұмыстың алғашқы кезеңінде сол жұмысқа қалыптасу жүреді де, екінші кезеңінде жоғары деңгейге жетеді, яғни жұмысқа қабілеттілігі артады. Осы кезеңде адам бар күш-жігерін жұмсайды. Ой еңбегін тиімді ұйымдастыру жолдары 1. Ой еңбегімен айналысатын орын жарық болуы шарт. Жарықтың ең жақсы түрі — күннің табиғи шашыранды сәулесі. 2. Сабаққа кірісер алдында магнитофон, ради, теледидарды сөндіру. Қатты шу миды тез шаршатып, жұмысқа қабілеттілікті кемітеді. 3. Әр 45-50 минут сайын 10 минут үзіліс жасаған дұрыс. 4. Сабаққа әзірленуді ауырлығы орташа сабақтан бастап, соңында ең оңайына көшу. 5. Ой еңбегімен шұғылдану кезінде дұрыс, жүйелі тамақтану, С және А дәрумендері бар тамақтарды ішу. 6. Мүмкіндігінше күн сайын 1 стакан жеміс шырынын ішу. 7. Ой еңбегінде белгілі бір ритм мен қарқынды сақтап отыру — еңбекке қабілеттілігінің жоғары болуының аса маңызды шарты. 8. Ой еңбегін жоспарлы ұйымдастыру. 9. Ой еңбегінен босаған сәтте дене еңбегімен де айналысып, көбірек қимылдаған жөн. 10. Еңбектегі мәдениеттілікті, ұқыптылықты сақтау. Осы кеңестерді сақтағанда оқушы белгілі бір нәтижеге қол жеткізеді. Яғни, үлгерімі жақсарады, уақыты үнемделеді, ең бастысы денсаулығын сақтайды.
Барлығы: Енді жауаптарыңызды қосып, қандай топқа жататындарыңызды анықтаңыздар! 1 топ – 15-25 ұпай: сіз стреске аз шалдыққансыз немесе шалдығуға мүмкіндігіңіз бар. Бойыңыздағы ашуланшақ, шыдамсыздық қасиеттеріңізді өз еркіңізге бағындырып, бақылай аласыз. 2 топ – 26-35 ұпай: сіз стреске аздап шалдыққансыз немесе шалдығуға мүмкіндігіңіз бар. Кез-келген қиындықтарды көңіліңізге жақын қабылдайсыз. Бірақ әлі де мінезіңізді бақылап, түзеуге кеш емес. 3топ – 36-45 ұпай: сіз стреске қатты шалдыққансыз немесе қатты шалдығуға мүмкіндігіңіз бар. Бұның негізгі себептерінің бірі тез ашуланып, тез ренжисіз, бірақ кейде іште сақтайсыз. Бұл қасиетіңіз дер кезінде тоқталмаса, басқа да ауруларға шалдығуға себеп болады.
|