Студопедия
rus | ua | other

Home Random lecture






МІНЕЗДЕМЕ


Date: 2015-10-07; view: 753.


2. Мінездеме берілетін адам туралы қысқаша мәлімет. Мінездеме берілетін адам туралы қысқаша мәліметке мыналар кіреді: аты-жөні, туған жері, туған күні, айы, жылы, ұлты, азаматтығы, білімі, бітірген оқу орындары, қызмет істеген жылдары, орны, қазіргі атқаратын қызметі.

3. Негізгі мәтін. Негізгі мәтінде атқарып жүрген қызметін, өз мамандығын қаншалықты меңгергендігі, кәсіптік білім деңгейі, біліктілігі, қызмет бабында жеткен жетістігі мен кемшілігі жазылады. Қысқаша әлеуметтік-психологиялық портреті беріледі. Әріптестерімен қарым-қатынас жағдайы, отбасы жағдайы, ұжымдағы орны, абыройы, кәсіби біліктілігі (өз міндетіне, қоғамдық тапсырмаларға қатысы), жеке басының адамгершілік қасиеттері, сын көтеру қабілеті жазылады.

Қажет деп табылған жағдайда негізгі мәтінге шетел сапарлары, зерттеу жұмыстары, өз бетімен жүргізген жұмыстары, жетекшілік, ұйымдастырушылық қабілеті де кіргізіледі. Мәтін көбіне жай сөйлемдермен, қалыптасқан сөз орамдары мен сөз тіркестерін, стандарт тілдік бірліктерді қолдана отырып, басы артық қысқартуларсыз жазылады. Мысалы,

Университетте қызмет істеген жылдары Г.С. Мыңбаева өзін өте білімді, сауатты, алға қойған мақсатына жете білетін, өзіне де, өзгеге де талап қоя білетін жауапты қызметкер, білгір маман ретінде көрсете білді.

Г.С. Мыңбаева әріптестерімен бірге жүргізген ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижесінде 40-тан астам ғылыми мақала жариялады. Халықаралық және республикалық ғылыми-теориялық конференцияларда ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижесі бойынша жасаған баяндамалары жоғары ғылыми деңгейі үшін түрлі дипломдармен марапатталды.

Өзінің жеке авторлығымен 1 оқу құралы және 2 әдістемелік нұсқау жарық көрді. Ғылыми-зерттеу жұмыстарында қол жеткен жетістіктері студенттерге, магистранттар мен аспиранттарға оқыған дәрістері мен жүргізген арнаулы курстарында баяндалып отырады.

Г.С. Мыңбаева 1997-1999 жылдары университеттің оқу бөлімін басқарып, өзінің ғылыми-педагогикалық қызметке ғана емес, басшылық қызметке де қабілетті екендігін көрсетті. Оқу процесін жетілдіру, оқу сапасын, оқыту әдістемесін жақсарту мақсатында тың идеялар мен ұсыныстар айтып, ұйымдастырушылық, талап қоя білушілік, табандылық, жауапкершілік сияқты қасиеттерінің арқасында оны іс жүзіне асыра білді.

4. Қорытынды. Қорытынды негізгі мәтіннің түйінделген, жиынтықталған бөлігі болып табылады. Мінездеменің қорытынды бөлігінде негізгі мәтінде айтылғандар бір немесе екі-үш сөйлеммен түйінделіп беріледі. Мысалы,

Мінезі ашық, өз жұмысына ынталы, көпшілікпен тіл табысып, қарым-қатынас жасай білетін, талап қойып, оны орындата білетін Г.С. Мыңбаева өз әріптестері арасында да, студенттер арасында да беделді. Атқарып отырған қызметіне лайық.

5. Мінездемені талап етуші ұйымның атауы. Бұл бөлікте мінездеменің не мақсатпен берілгендігі немесе қай ұйымға берілгендігі жазылады. Мысалы,

Мінездеме жеке еңбек шартын ұзарту үшін берілді. Мінездеме диссертациялық кеңеске тапсыру үшін берілді.

Мінездеме Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінің қабылдау комиссиясына тапсыру үшін берілді.

Мінездемені талап етуші ұйымның атауы толық, ресми түрде аталуына сәйкес жазылады.

6. Мінездеме беруші туралы мәлімет. Бұл бөлікте мінездеме беруші мекеме басшысының ресми қызметі, аты-жөні, тегі жазылып, қолықойылады. Қол қоятын адам бірнешеу болса, олар иерархиялық тәртіпте, ал олардың қызмет дәрежесі бірдей болса, әліпби ретімен беріледі. Мысалы,

Химия факультетінің деканы, профессор Ж.А. Әділбеков

(қолы)

Аналитикалық және сирек

элементтер химиясы кафедрасының

меңгерушісі, профессор М.К. Наурызбеков

(қолы)

7. Мінездеме берілген күн, ай, жыл. Бұл бөлікте мінездеме берілген күн, ай, жыл көрсетіледі. Мінездеме берілген күн мінездеме беруші туралы мәліметтен кейін 1 интервал жіберіліп барып, парақтың сол жақ бөлігінде жазылады. Ай аты жазбаша беріледі. Мысалы,


<== previous lecture | next lecture ==>
Мінездеме | Кепілдеме
lektsiopedia.org - 2013 год. | Page generation: 0.004 s.