Студопедия
rus | ua | other

Home Random lecture






Кепілдеме


Date: 2015-10-07; view: 2494.


Жыл 26 мамыр.

8. Қосымша. Егер мінездемеде қосымша болатын болса, ол жайында парақтың соңында жазылады. Мысалы,

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті оқу-әдістемелік басқарма бастығының қолымен расталған мінездеме қосымша беріліп отыр.

Ал қосымша бірнешеу болатын болса, жолдама хат дайындалып, сонда көрсетіледі. Қосымша ретінде қажет деп табылған жағдайда:

· Белгілі үлгідегі бірнеше фотосурет;

· Білімі туралы құжат көшірмесі;

· Бұрынғы мінездемелер көшірмесі немесе одан алынған үзінді;

· Анықтамалар жіберіледі.

 

Ескерту!

1) Кейбір жағдайларда мінездеменің жоғарғы жағында мекеменің фирмалық белгісі (логотипі) көрсетілген арнайы бланкілерде де жазылады. Мұндай бланкінің әр данасы есепте тұрады. Мекеме басшысының қолымен расталады.

2) Кейбір жағдайларда құжат атауынан бұрын мінездеме берілуші туралы қысқаша мәлімет жазылып барып, мінездеме берілетін түрі де болады.

 

Сұрақтарға жауап беріңіз.

1. Мінездеме қандай құжат?

2. Мінездеменің неше түрі бар?

3. Мінездеме қандай жағдайда беріледі?

4. Мінездеменің құрылымы қандай?

5. Мінездеменің ерекшеліктерін ата.

6. Мінездеменің мақсаты не?

 

 

 

Кепілдеме дегеніміз – жеке адам туралы өз саласындағы кәсіби шеберлігін, жеткен жетістіктерін сипаттай отырып жазылатын ісқағазының бір түрі.

Кепілдеме – жалпы құрылымы жағынан мінездемеге ұқсас құжат.

Ортақ белгілері:

1) екеуі де жеке адам өміріне қатысты құжат.

2) екеуі де басқа біреулер тарапынан жазылады.

3) құрылымы бірдей.

Айырмашылықтары:

Кепілдемеде жеке адамның іскери қасиеттерін, жеткен жетістігіне байланысты ұсыныс жасалады, кепілдік береді, ал мінездемеде жеке адамның мінез-қасиеттеріне көп көңіл бөлінеді.

Кепілдеме және ұсыныс хат жалпы мақсаты жағынан бір құжат болып есептелінеді.

Кепілдеменің түйінді сөзінде: «ұсынамын», «кепілдік беремін», «кәміл сенемін» деген сөздер жазылады.

Кепілдеме және ұсыныс хат біреуді ұсыну мақсатында жазылады.

Барлық кепілдемелерге мекеме мөрі басылады.

 

Құрылымы:

1. Құжаттың атауы.

2. Негізгі мәтіні: 

а) аты-жөні, туған жері, туған күні, айы, жылы, ұлты, азаматтығы;

ә) білімі, бітірген оқу орындары;

б) қызмет істеген жылдары, қызмет орны;

в) кәсіби біліктілігі (өз міндетіне, қоғамдық тапсырмаларға қатысы);

г) жеке басының мамандығына қатысты іскери қасиеттері, жеткен жетістіктері.

3. Қорытынды.

4. Кепілдемені талап етуші ұйымның атауы.

5. Кепілдеме берушінің қызметі, аты-жөні, қолы.

6. Кепілдеме берілген күн, ай, жыл.

Ескерту!

 

Кейбір жағдайларда кепілдеменің жоғары жағында мекеменің фирмалық белгісі (логотипі) көрсетілген арнайы бланкілерде де жазылады. Мұндай бланкінің әр данасы есепте тұрады. Мекеме басшысының қолымен расталады.

Құжаттың атауыпарақтың жоғарғы жағын ала, орта тұсына қарай үлкен әріптермен жазылады.

Негізгі мәтіндеатқарып жүрген қызметін, өз мамандығын қаншалықты меңгергендігі, кәсіптік білім деңгейі, біліктілігі, қызмет бабында жеткен жетістігі жазылады. Әріптестерімен карым-қатынас жағдайы, ұжымдағы орны, абыройы жазылады.

Қажет деп табылған жағдайда негізгі мәтінге шетел сапарлары, зерттеу жұмыстары, өз бетімен жүргізген жұмыстары, жетекшілік, ұйымдастыру қабілеті де кіргізіледі.

 

 

Кепілдеменің қорытынды бөлімінде:

1. «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» байқауына қатысуға лайық тұлға, кәсіби біліктілігі жоғары маман деп санаймын.

2. Елбасының ұсынысымен тағайындалған «Болашақ» стипендиясы бойынша шетелде білім алуға лайық деп сенім білдіреміндеген түйінді сөздер қолданылады.

Кепілдемеде талап етуші ұйымның ресми атауы толық көрсетіледі.

Кепілдеме беруші туралы мәліметке кепілдеме берушінің аты-жөні, ресми қызметі, дәрежесі жазылады.

Барлық кепілдемелерге мекеме мөрі басылады.

Кепілдеме ресми стильде, еркін түрде жазылады.

Сұрақтарға жауап беріңіз.

 

1. Кепілдеме мен мінездеменің ортақ белгілері қандай?

2. Кепілдеме мен мінездеменің айырмашылықтары қандай?

3. Кепілдеме қандай жағдайда беріледі?

4. Кепілдеме мен ұсыныс хаттың ерекшелігі неде?

 

 


<== previous lecture | next lecture ==>
МІНЕЗДЕМЕ | СЕНІМХАТ
lektsiopedia.org - 2013 год. | Page generation: 0.003 s.