Студопедия
rus | ua | other

Home Random lecture






Арнайы сенімхат.


Date: 2015-10-07; view: 3035.


Бас сенімхат.

2. Жалпы жағдайда қолданылатын сенімхат.

1. Бас сенімхатдегеніміз – белгілі бір тұлғаға толықтай құқық беретін құжат. Мысалы, көлік жүргізуде көлік иесімен бірдей құқықта болады, яғни көлікті сатуға, айырбастауға, сыйға беруге т.б. болады.

2. Жалпы жағдайда қолданылатын сенімхат дегеніміз әртүрлі іс-әрекеттер орындауға белгілі бір мерзімге ғана құқық беретін құжат. Мысалы, көлікті жүргізуге ғана, пәтерді уақытша пайдалануға т.б. болады.

3. Арнайы сенімхат дегеніміз – белгілі бір уақыт аралығында сенім білдірушінің атынан қандай да бір іс-әрекеттер орындауға құқық беретін құжат. Мысалы, мекеме басшысының іссапарға кетуіне немесе басқа да жағдайлармен байланысты өз құқығын орынбасарына уақытша беруі.

 

Құрылымы:

1. Құжат атауы;

2. Күні, айы, жылы, жасалған орны (қаласы);

3. Сенімхат беруші туралы толық мәлімет (аты-жөні, мекенжайы, жеке куәлік нөмірі, қайда, қашан берілгені);

4. Сенім білдірілетін тұлға туралы толық мәлімет (аты-жөні, мекенжайы, жеке куәлік нөмірі, қайда, қашан берілгені);

5. Берілген құқық немесе алынған зат туралы мәлімет;

6. Сенімхаттың жарамдылығы (cенімхаттың қандай мерзімге дейін күшін сақтайтыны туралы);

7. Сенімхат берушінің қолы;

8. Нотариалдық кеңсенің жазбасы;

9. Нотариустың аты-жөні, қолы,мөрі.

Сенімхат өз күшін мынадай жағдайда жоғалтады:

1. Сенімхат мерзімі аяқталғанда;

2.Сенім білдіруші сенімхат күшін тоқтатқанда;

3.Сенімхат берілген тұлға сенімхаттан бас тартқанда;

4.Сенімхат берушінің өлімінен кейін немесе еңбекке жарамсыз болғанда;

5.Сенімхат берілген тұлғаның өлімінен кейін немесе еңбекке жарамсыз болғанда.

 

 

Сұрақтарға жауап беріңіз.

1. Сенімхат қандай құжат?

2. Сенімхаттың неше түрі болады?

3. Сенімхат қандай мерзімге дейін өз күшін сақтайды?

4. Сенімхаттың жарамдылығы қалай жазылуы керек?

5. Қандай жағдайда ол өз күшін жояды?

6. Сенімхат қайда куәландырылады?

7. Нотариус сенімхатты қалай куәландырады?

8. Сенімхаттың құрылымы қандай?

9. Сенімхат берілетін жағдайлар қандай?

10. Сенімхат қанша дана болып дайындалады?

 

ҚОЛХАТ

Қолхат – белгілі бір құндылықтардың (құжат, мүлік, зат, ақша) алынғанын куәландыратын және оны белгілі бір мерзімде қайтарып беретіндігін міндеттеп, көрсететін ресми құжат түрі.

Бұл бағалы құндылықтарды уақытша пайдалану жағдайында рәсімделеді. Сондықтан қолхат негізінен мекемеішілік қатынастарда жиі қолданылады.

Қолхат – белгілі бір іс-әрекетті растайтын, адамдардың мекемеден немесе жеке адамнан ақша не құндылығы төмен заттар алғандығын, не бергендігін растайтын жазба құжат.

Қолхат бір дана болып жасалады. Қолхат алушыда сақталады.

Кейде қолхатта қатысушы куәгерлер көрсетіледі. Ондай жағдайда куәгерлер қолхатқа өз қолдарын қойып растайды.

Ақшаны немесе затты қайтарған жағдайда қолхат жойылады.

Ерекшелігі:

1) Қолхат құқықтық дәрежесі төмен құжат екендігі.

2) Қолхат нотариалдық кеңседе көп жағдайда куәландырылмайтындығы.

3) Мөр басылмайтындығы.

 

Құрылымы:

• құжаттың атауы;

• қолхат беруші туралы мәлімет (аты-жөні, мекенжайы немесе жұмыс орны);

• қолхат алушының аты-жөні;

• алынған заттың атауы (егер ақша болса – сомасы санмен де, жазбаша да көрсетіледі, зат болса оның құны көрсетіледі);

• қайтарылатын нақты уақыты;

• қолхат берушінің жеке куәлік нөмірі;

• қолхат жазылған күні, айы, жылы;

• қолхат берушінің қолы;

• куәгерлердің қолы (кейбір жағдайда).

Сұрақтарға жауап беріңіз.

1. Қолхатта қолхат беруші мен қолхат алушы туралы қандай мәліметтер көрсетілуі тиіс?

2. Қолхат неше дана етіп жасалады?

3. Қолхат кімде сақталады?

 


<== previous lecture | next lecture ==>
СЕНІМХАТ | Келісімшарт
lektsiopedia.org - 2013 год. | Page generation: 0.003 s.