Студопедия
rus | ua | other

Home Random lecture






Келісімшарт


Date: 2015-10-07; view: 699.


Келісімшартжеке тұлғалардың және заңды тұлғалардың азаматтық құқықтары мен міндеттерін белгілеуді, өзгертуді және тоқтатуды реттейтін, нотариалды түрде куәландырылатын ресми құжат.Мысалы: сату – сатып алу туралы, ауыстыру туралы, қарызға беру туралы немесе сыйға беру туралы және т.б.

Қатысатын адамдар санына қарай келісімшарттар екіжақты немесе көпжақты болады.

Келісімшарттың жазбаша түрінде жасалынатын мәміленің мазмұны толық көрсетіледі, екі жақ (тараптар) немесе тараптардың өкілеттігі берілген адамдар қол қояды, мәтінді нотариус бекітеді.

Келісімшарттың бас жағында келісім жасалған мекенжай және күні, айы, жылы сөзбен жазылады. Содан кейін тараптардың аты-жөні, мекенжайы, жеке куәліктерінің нөмірі және сол куәлікті берген мекеме атауы көрсетіледі. Сосын келісімшарт мәтіні жазылады. Яғни, пәтерді сату-сатып алу туралы келісімшартта пәтер кімнің жекеменшігі, ТИБ-те (Тіркеу инвертаризация бөлімі, жылжымайтын мүлікті тіркеу) тіркелген нөмірі, ТИБ-тің анықтамасы бойынша пәтердің құны, пәтердің жалпы пайдалы аумағы және сол уақытқа дейін көрсетілген пәтердің ешкімге сатылмағандығы, қарыз өтеуге берілмегені, дау-таласта, тыйым салуда болмағаны көрсетіледі.

Соңында келісімшарт нотариалдық кеңседе куәландырылады. Келісімшарт үш дана етіп жасалады. Оның бірі нотариалдық кеңседе сақталады. Қалған даналары тараптарға беріледі.

Келісімшарт мынадай жағдайларда жасалады:

1. Жылжымайтын мүлік жөніндегі мәмілелер:

а) тұрғын үйді сатып алу – сату туралы;

ә) тұрғын үйді сыйға беру туралы;

б) тұрғын үйді ауыстыру туралы.

2. Жер учаскелері туралы мәмілелер:

а) жер учаскесін сыйға беру туралы келісімшарт;

ә) жер учаскесін ауыстыру туралы келісімшарт;

б) жер учаскесін сатып алу – сату туралы келісімшарт.

3. Көлік құралдары жөніндегі мәмілелер:

а) автомашинаны сатып алу – сату жөніндегі келісімшарт;

ә) автомашинаны кепілге беру жөніндегі келісімшарт;

б) автомашинаны сыйға беру жөніндегі келісімшарт.

4. Ақша қаражатын заемға алу – заемға беру жөніндегі мәмілелер:

а) пайыз төлеу арқылы ақша алу туралы келісімшарт;

ә) айып төлеу арқылы ақша алу туралы келісімшарт.

 

Келісімшартты тағы да мынандай түрлерге бөлуге болады.

· Ұжымдық келісімшарт;

· Неке келісімшарты т.б.

Ерекшелігі:

1) Екі жақты және одан да көп жақты болуы.

2) Негізінен, мемлекетішілік құжат (кейбір жағдайларда мемлекетаралық қарым-қатынастарда да жасалынады).

 

Құрылымы:

- құжат атауы;

- күні, айы, жылы, жасалған орны (қаласы);

- тараптардың (аты-жөні, мекенжайы, жеке куәлік нөмірі, қайда, қашан берілгені);

- келісімшарттың мәтіні;

- тараптардың қолы;

- нотариалдық кеңсенің жазбасы;

- нотариустың аты-жөні, қолы,мөрі.

 

Ұжымдық келісімшарт

Қазақстан Республикасының 1999 жылдың 10 желтоқсанындағы №493-1 Қазақстан Республикасындағы Еңбек туралы Заңына сәйкес ұжымдық келісімшарт – бұл бір немесе бірнеше жұмыс берушілер мен бір немесе бірнеше жұмысшы арасындағы жазбаша түрдегі еңбек және әлеуметтік-экономикалық мәселелерді реттеу үшін жасасқан құқықтық акт.


<== previous lecture | next lecture ==>
Арнайы сенімхат. | Неке келісімшарты
lektsiopedia.org - 2013 год. | Page generation: 0.003 s.