Студопедия
rus | ua | other

Home Random lecture






Неке келісімшарты


Date: 2015-10-07; view: 630.


Қазақстан Республикасының Заңы 1998 жылғы 17 желтоқсан №321-I Заңында«Неке және отбасы туралы» айтылған.

Неке келісімшарты – некеге тұрғандардың немесе жұбайлардың ажырасу барысында мүліктік құқықтарын және екі жақтың міндеттерін анықтаушы тұлғалардың келісімі.

Неке келісімшарты некеге дейін немесе некеден кейін рәсімделуіне болады, келісімшарт өз күшіне некеге тұрғаннан соң енеді.

Келісімшарттың нотариуста расталынуы үшін мына құжаттар қажет:

· нотариалды мекемеге екі жақтың да келуі;

· неке туралы куәлік;

· екі жақтың да жеке куәліктері (төлқұжаттары);

· бар мүлікке келісімшарт түзілсе, мүлікке құқықтары бар құжаттар.

Мысалы, пәтердің мәселесі көтерілсе, жылжымайтын мүлік Орталығынан тиісті құжаттарды беру қажет, осылардың арқасында келісімшарт түзіледі.

Неке келісімшартында мына мәселелер қаралмайды:

· үй шаруашылығын жүргізу;

· ажырасқаннан кейін балалармен қарым-қатынас және олардың жауапкершілігі үшін міндеттерді нақтылау мәселелері (мысалы балаларды кім жатқызады немесе таңертең күлімдеп ояну) т.б.

Неке келісімшартын өзгертуге және бұзуға болады:

Неке келісімшартын ерлі-зайыптылардың келісімі бойынша қалаған уақыттарында бұзуға болады. Неке келісімшартын өзгерту және бұзу нотариуста жүзеге асады.

 

 

Сұрақтарға жауап беріңіз.

1. Келісімшарт қандай құжат?

2. Ол қандай жағдайларда жасалады?

3.Қатысатын адамдар санына қарай қандай келісімшарттар жасалады?

4. Келісімшарттар қайда куәландырылады?

5. Келісімшарт неше дана болып жасалады?

Өтінім

Өтінім – көп жағдайда мекеме ішінде қажетті заттарды алу, бір адамды спорттық жарыстарға қатысуға сұрау мақсатында (бланк түрінде де, жазбаша түрде де толтырылып) жазылатын ісқағазының бір түрі.

Өтінімнің құрылымы әртүрлі болады. Өтінім мәтін түрінде және бланк түрінде де толтырыла береді.

Ортақ белгілері:

1. Екеуі де арнайы бланкіде толтырылады.

2. Алушы мен берушінің ресми атауы көрсетіледі.

3. Алушының не алатыны жөніндегі мәліметтер толық жазылады.

 

Айырмашылықтары:

Өтінім Тапсырыс
1. Мекемеішілік қатынаста 1. Мекемеаралық қатынаста
2. Келісімшарт жасау міндетті емес. 2. Келісімшарт негізінде жаса-лады.
3. Кепілдік көрсетілмейді. 3. Кепілдік көрсетіледі (тапсырыс берушінің төлеуге қабілеттілі-гіне, ал тапсырыс алушының қолында сол тауардың болуына).
4. Біржақты болады. 4. Екіжақты болуы мүмкін (алмасады, ұсыныс түрінде болады).
5. Тауар бағасы мен саны нақты. 5. Тауар бағасы мен санының ең көп не ең аз мөлшері көрсетіледі.
6. Жеткізілім шарты көрсетілмейді. 6. Жеткізілім шарты көрсетіледі.
7. Төлем шарты көрсетілмейді. 7. Төлем шарты көрсетіледі.

Сұрақтарға жауап беріңіз.

1. Тапсырыс пен өтінімнің қандай айырмашылығы бар?

3. Тапсырыс пен өтінімнің қандай ортақ белгілері бар екенін атаңыз?

4. Тапсырыс қандай құжат негізінде жасалады?

5. Тапсырыс заңдық күшке ие ме?

6. Қай құжатта төлем түріне кепілдік беріледі?

 

 


<== previous lecture | next lecture ==>
Келісімшарт | Тапсырыс
lektsiopedia.org - 2013 год. | Page generation: 0.004 s.